Ст. 23 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
1. Күзетте ұстау орнының әкімшілігі белгіленген санитариялық- гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы талаптардың сақталуын, сезіктілер мен айыпталушылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті. 2. Күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерде ұстау мен оларға қызмет көрсетуге осы мекемелердің персоналын тарту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігі айқындайды.
2-1. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі тергеу изоляторының әкімшілігі күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық қызмет көрсету үшін үй-жайлар береді және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
3. Сезіктілер мен айыпталушылар дене жарақатын алған жағдайда куәландыруды күзетте ұстау орындарының медициналық қызметкерлері кешіктірмей жүргізеді. Медициналық куәландырудың нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітіледі және зардап шегушіге хабарланады. Медициналық куәландыруды күзетте ұстау орнының әкімшілігі басшысының не қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның шешімі бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
4. Сезікті немесе айыпталушы ауыр науқастанған не қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі оның жақын туыстарына және осы факт бойынша тексеру жүргізетін прокурорға хабарлайды. Қайтыс болған адамның мәйіті патология-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ заңдарда көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі. Қайтыс болып, мәйіті сұралмаған адамды жерлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
5. Сезіктінің немесе айыпталушының қайтыс болуы мүмкін ауыр науқасы байқалған жағдайда медициналық қорытынды болса, тергеу изоляторы әкімшілігінің прокурорға және істі жүргізуші органның алдына бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселе қоюға құқығы бар.
6. Тергеу изоляторында немесе уақытша ұстау изоляторында ұсталушы шетелдік қайтыс болған жағдайда күзетте ұстау орнының әкімшілігі ол туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне дереу хабарлайды. Сонымен бірге бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге де өкілдігіне жазбаша түрде хабарлайды.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25; 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері Сауда қызметiн реттеу туралы 7-1-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы 6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей