Ст. 39 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау
1. Күдіктілер мен айыпталушылар: 1) басқа күдіктілер мен айыпталушыларға қысым көрсеткені және оларды қорлағаны;
2) күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны;
3) оқшаулау қағидаларын бірнеше рет бұзғаны;
4) алкогольдік ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны және ішкені;
5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны;
6) құмар ойындарға қатысқаны үшін тәртіптік изоляторға, ал кәмелетке толмағандар уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызылуы мүмкін.
2. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу түріндегі жаза сөгіс түрінде екі және одан да көп рет жаза қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға да қолданылады.
3. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қаулысы және күдіктіні немесе айыпталушыны тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау мүмкіндігі туралы медициналық қызметкердің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
4. Күдіктілер мен айыпталушылар тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында жеке жатын орнымен және төсек-орындармен белгіленген сағаттарда ұйықтайтын уақытқа ғана қамтамасыз етіледі.
5. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға:
1) қорғаушымен жолығудан басқа, хат жазысуға, жолығуларға;
2) тамақ өнімдері мен ең қажетті нәрселерді сатып алуға;
3) хаттар, сауқаттар және сәлемдемелер алуға;
4) үстел үсті ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журналдарды және өзге де әдебиетті пайдалануға тыйым салынады.
Сауқаттар мен сәлемдемелер күдіктілер мен айыпталушыларға олардың тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзімі аяқталғаннан кейін табыс етіледі.
Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты осы бапта көзделмеген өзге де шектеулерге жол берілмейді.
Олардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жіберуі осы Заңның 20-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызу түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыруға, күдіктіні немесе айыпталушыны медициналық көрсетілімдерді ескере отырып мерзімінен бұрын босатуға құқығы бар. Егер жазаны орындауды ұзарту мерзімі медициналық көрсетілімдер бойынша жазаны қолданған күннен бастап бір айдан асып кетсе, онда күдікті немесе айыпталушы жазадан босатылуы мүмкін.
7. Емізулі балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер және кәмелетке толмағандар тәртіптік изоляторға жабылмайды.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысу... Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған а...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей