Ст. 7-4 Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
7-4-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылар, нысаналы талаптар және нысаналы жинақтар
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтары ғана нысаналы талаптарға қатысушылар бола алады. 2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптарды есепке жазу олар он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын жүзеге асырылады.
3. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.
4. Нысаналы талаптар нысаналы талаптарға қатысушы он сегіз жасқа толатын жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі инвестициялық қызмет шеңберінде қаржы құралдарына инвестицияланады.
5. Нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шотына есепке алу және есепке жатқызу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақтау шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Нысаналы талаптарды есепке жазу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады.
7. Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есепке жатқызылады.
8. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9. Нысаналы жинақ төлемдерін нысаналы жинақтарды алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған нысаналы жинақтау шотына қайтару АҚШ долларында жүзеге асырылады.
Бұл ретте айырбастауға байланысты шығыстарға төлем жасау, нысаналы жинақ төлемдерін нысаналы жинақтарды алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған нысаналы жинақтау шотына аударуға (қайтаруға) байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге төлем жасау нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-4-баппен толықтырылды – ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Еңбек кодексi 31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері ҚР Еңбек кодексi 32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 17-бап. Ұлттық ұландағы әскери қызмет Трансферттiк баға белгiлеу туралы 17-1-бап. Бағалар ауқымы мен рентабельділік (маржа) ауқымын айқындау тәртібі Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегiөкiлеттiктерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей