Ст. 22 Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337
Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы
22-бап. Қазақстан Республикасына келу
Егер Қазақстан Республикасының тиiстi тараппен келiсiмiнде өзгеше тәртiп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, шетелдiктер жарамды шетелдік паспорттар немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының келу визалары болған кезде Қазақстан Республикасына келе алады.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасына келуіне:
1) ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мүддесі үшін;
2) егер оның iс-әрекетi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса;
3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
4) егер ол ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздырса;
5) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;
6) егер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса;
6-1) сот оның әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы бар деп таныған жағдайда;
7) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қолданылған әкімшілік жазаны атқармаған болса;
7-1) егер ол Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне тағайындалған жазаны атқармаған немесе өтемеген болса;
7-2) егер ол ұйымдасқан топта (қылмыстық ұйымда) топбастаушы жағдайына ие болса;
7-3) егер ол Қазақстан Республикасының аумағында ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған болса және Қазақстан Республикасы ратификациялаған, сотталған адамдарды беру туралы халықаралық шарттарға сәйкес не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімге сәйкес өзінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілген болса;
8) егер жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасында алдыңғы болған кезеңде ол мұндай декларацияны табыс етпесе;
9) егер ол, этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасында болу және одан кету үшiн қажеттi қаражатының бар екендiгi туралы растауды ұсынбаса;
10) егер ол келу туралы өтiнiшхат жолдаған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарлаған болса немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде табыс етпесе;
11) онда Қазақстан Республикасына келу үшін қарсы айғақтар болып табылатын аурулары болған кезде;
12) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
13) егер ол бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса;
14) егер ол кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса, тыйым салынады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың Қазақстан Республикасына және шетелдіктер баруға болмайтын жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуіне келісім беруден бас тартуға негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.
Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген, реадмиссия тәртібімен қайтарылған шетелдіктердің шығарып жіберу туралы сот шешімі орындалған, реадмиссия тәртібімен кеткен күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салынады.
Қабылдаушы тұлғалардың шетелдіктерді Қазақстан Республикасына шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
Келу визаларын немесе оларға сәйкес келетiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi немесе жекелеген жағдайларда бұған арнайы уәкiлдiк берiлген Қазақстан Республикасының өкiлдерi бередi.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, қабылдаушы тұлғалардың шақырулары немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарының рұқсаты виза беру үшiн негiз болып табылады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.11.2014 № 244-V (02.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей