Ст. 15 Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126
Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы
15-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Уәкілетті орган реттелуі өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган арнайы қаржы компаниясына ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолданады:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқама береді;
2) міндеттеме-хат талап етеді;
3) арнайы қаржы компаниясымен жазбаша келісім жасайды.
3. Анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы арнайы қаржы компаниясына нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Арнайы қаржы компаниясының міндеттеме-хатында орын алған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және жоспарланған іс-шаралар тiзбесiн көрсете отырып, арнайы қаржы компаниясы басшылығының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою бойынша кепiлдігi болуға тиiс.
5. Анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және оған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы арнайы қаржы компаниясы мен уәкілетті орган арасында жазбаша келісім жасалады.
6. Арнайы қаржы компаниясы жазбаша нұсқаманы, міндеттеме-хатты немесе жазбаша келісімді оларда белгіленген мерзімдерде орындау туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге міндетті.
7. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы 12-бап. Бөлінген активтерді есепке алу және сақтау Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 829-14. Решения, принимаемые по результатам рассмотрения дела об административном правонарушении, жалобы, протеста на постановление по делу об адми... Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы 18-бап. Жеңiлдiктер беру негiздерi мен шарттары Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы 16-бап. Аумақтар шегiнде әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу үшiн қажеттi құжаттар мен материалдардың тiзбесi Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы 11-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей