Ст. 26 Кәсіптік біліктілік туралы 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 14-VIII ҚРЗ
Кәсіптік біліктілік туралы
26-бап. Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу және оның қолданысын тоқтату
1. Тану орталығы қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріктірілген, бөлінген, бөліп шығарылған, қайта құрылған) кезде аккредиттеу аттестаты тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, оның қолданысын қайта бастау және тоқтату қағидаларына сәйкес қайта ресімделуге жатады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аккредиттеу аттестатын мынадай жағдайларда:
1) тану орталығының аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы жазбаша өтініші болғанда;
2) кәсіптік біліктілікті тану тәртібі бұзылғанда;
3) аккредиттеу өлшемшарттарын және аккредиттеуден кейінгі шарт талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде тану орталықтарының қызметін мониторингтеу қорытындылары бойынша;
4) тану орталықтарында кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат алған адамдарға қатысты расталған шағымдар анықталғанда кері қайтарып алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында белгіленген жағдайда осы адамға берілген кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаттың күші жойылуға жатады. Кәсіптік біліктілікті тану туралы күші жойылған құжаттар туралы мәліметтер Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырылады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы баптың 2-тармағында көзделген оқиғалар басталған және (немесе) бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.
4. Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешімнің көшірмесі тану орталығына осы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасы арқылы электрондық тәсілмен жіберіледі.
5. Тану орталығы аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға негіз болған бұзушылықтар жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта бастау туралы шешім қабылдау үшін осы бұзушылықтардың жойылғаны жөніндегі мәліметтерді ұсынады.
Азаматтардың денсаулығына, тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге және қауіпсіздігіне байланысты бұзушылықтар анықталған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы қайта басталмайды.
Аккредиттеу аттестаттарының қолданысы қайта басталуға жатпайтын тану орталықтарының тізбесі, сондай-ақ олардың құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында орналастырылады.
6. Аккредиттеу аттестатының қолданысы мынадай негіздер бойынша:
1) аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы шешім болғанда;
2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі тоқтатылғанда;
3) тану орталығының қызметі тоқтатылғанда (таратылғанда);
4) кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салу туралы сот шешімі болғанда тоқтатылады.
5-тарау. КӘСІПТІК БІЛІКТІЛІКТІ ТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЫНТАЛАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей