Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

 Ішкі істер органдары:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;

3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

4) балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасайтын ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды;

5) профилактикалық есепке алуды жүргізеді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;

6) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе олардың жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды сол жерге барып қарайды және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қолданады;

7) жәбірленушілердің өтініші бойынша оларды көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;

8) профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;

9) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізеді;

10) қорғау нұсқамасын шығарады;

11) прокурор алдында қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтініш жасайды;

12) әкімшілік ұстауды жүргізеді;

13) сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды;

14) қылмыстық ізге түсуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асырады;

15) қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолданады;

16) жәбірленуші қауіпсіздігінің қылмыстық-құқықтық шараларын қолданады;

17) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

18) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться