Ст. 17 Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. 2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:
1) профилактикалық әңгімелесу;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу;
3) қорғау нұсқамасы;
4) әкімшілік ұстау;
5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;
7) әкімшілік жаза қолдану;
8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары;
10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.
3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады.
3-1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қатері немесе фактілері анықталған кезде уәкілетті мемлекеттік органдар мен көмек көрсету жөніндегі ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы шараларын қабылдайды.
4. Мүдделі адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей