Ст. 20 Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
20-бап. Қорғау нұсқамасы
1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстап алуды не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүргізу үшін негіздер болмаған кезде аумақтық полиция органының, ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады. Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен берілуге тиіс.
Қорғау нұсқамасының көшірмесі өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға табыс етілген кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
2. Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарылады.
3. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.
4. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупі, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетіледі.
5. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.
6. Алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
8. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый вечер! Мне оформили страховку во время получения микрокредита в банке, кредит оформлен на 60 дней
, а страховка на 45 дней, почему? Сегодня заканчивается срок страховки, а закрыть кредит я иду завтра, вернут ли мне страховку
По решению суда первой инстанции по гражданским делам от 06.02.2004 года был судебный акт и в 2009 году данный судебный акт был оспорен и в 2017 году переименованный банк по этому решению передает информацию в ТОО "ПКБ", который испортил мою кредитную историю и по сегодняшний день все банки отказывают мне в предоставлении финансовых услуг вот уже в течении 8 лет на все мои заявление в банк просит мне показать квитанцию об оплате банковской задолженности а то, что я показываю справку от Территориального отдела судебных исполнителей ДЮ Жамбылской области и копию договора залога полученные в 2009 году, где на каждом листе стоит штамп банка и подпись юриста их не устраивает и все мои обращение до Верховного суда были отказаны и все как один мотивируют тем, что у меня нету доказательства, а какие им нужны доказательства в своих решениях не указывают а просто отказывают в моем иске
По договору залога были заложены ТНП за время длительного отсутствия Залогодателя в связи с тяжелой и продолжительной болезни Залогодержатель незаконно реализовал все заложенные движимые и недвижимые имущества и вырученные средства присвоил себе а потом данный банк был ликвидирован и активы и обязательства были переданы другому банку и он теперь является владельцем я могу ему предъявит иск в суд о возмещении потерянных моих движимых и недвижимых имуществ
Здравствуйте! Брат был признан недееспособным и был на учете до совершения сделки. И оказывается подарил (договор дарения) квартиру отцу, сделка была совершена в 2011 году, о чем отец молчал. Квартиру продали, либо переоформили на племянницу мачехи. Брата не стало 2 года назад, я отсутствовала в стране, тому есть доказательства. Можно ли признать эту сделку недействительной через суд? Спасибо!
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей