Ст. 12-1 Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I
Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы
12-1-бап. Террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу
1. Терроризм профилактикасы, оны анықтау және оның жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде террористік ұйымдарды, террористік деп танылған ақпараттық материалдарды және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді. 2. Сот ұйымды террористік деп таныған және террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы іс-әрекетіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды террористік деп таныған не террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін адамдарды жауапқа тартқан кезде өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті.
3. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот террористік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді.
Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 03.11.2014 № 244-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей