Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Өсімдіктер дүниесі туралы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Өсімдіктер дүниесі туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) ботаникалық коллекция – ғылыми, білімдік, мәдени-тарихи, эстетикалық және өзге де құндылығы бар өсімдіктердің және (немесе) олардың бөліктерінің жүйеленген, құжатталған жинағы; 

2) генетикалық эрозия – өсімдіктердің генетикалық ресурстарын ұтымсыз пайдалану мен тиісінше сақтамауды қоса алғанда, антропогендік қызметтен туындаған генетикалық әртүрлілікті жоғалту; 

3) дақылдық өсімдіктер – азық-түліктік, жемшөптік, техникалық және өзге де мұқтаждар үшін арнайы өсірілетін өсімдіктер;  

4) дақылдық өсімдіктердің жабайы тұқымдастары – генетикалық тұрғыдан дақылдық өсімдіктерге жақын, дақылға енгізуге немесе селекцияда пайдалануға жарамды жабайы өсетін өсімдіктер; 

5) жабайы өсетін өсімдіктер – өздеріне етене табиғи жағдайларда өсетін және таралатын өсімдік түрлері; 

6) жасыл екпелер – елді мекендердің аумақтарында қорғаныштық, санитариялық-гигиеналық, әлеуметтік, эстетикалық және өзге де функцияларды орындайтын ағаш-бұта және шөптесін өсімдіктер екпелері; 

7) өсімдіктер – тамырлы, мүк тәрізді өсімдіктер, балдырлар, сондай-ақ қыналар мен саңырауқұлақтар; 

8) өсімдіктер дүниесі – табиғи жағдайларда өсетін, сондай-ақ белгілі бір аумақта қолдан отырғызылған өсімдік түрлерінің, олардың популяциялары мен қауымдастықтарының жиынтығы; 

9) өсімдіктер дүниесін күзету – өсімдіктер дүниесін сақтау, өрттердің, өсімдіктер дүниесін заңсыз пайдаланудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықтардың профилактикасы және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жиынтығы; 

10) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

11) өсімдіктер дүниесін қалпына келтіру – жабайы өсетін өсімдіктер популяцияларының, қауымдастықтарының сандық және сапалық сипаттамаларын тұрақтандыру және (немесе) қайтадан жасау жөніндегі іс-шаралар кешені; 

12) өсімдіктер дүниесін қорғау – өсімдіктер дүниесін зиянкестерден, аурулардан, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар кешені; 

13) өсімдіктер дүниесін пайдалану – өсімдік ресурстарын пайдалану жөніндегі заңдық тұрғыдан регламенттелген қызмет; 

14) өсімдіктер дүниесін пайдаланушы – осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға; 

15) өсімдіктер қауымдастығы – белгілі бір түрлік құрамымен, құрылымымен, өсімдіктердің бір-бірімен және сыртқы орта факторларымен байланыстарымен сипатталатын өсімдіктердің орнықты жиынтығы; 

16) өсімдіктер өсетін жер – өсімдік түрлерінің өсуі мен дамуы үшін табиғи жағдайы бар жер учаскесі немесе су объектісі; 

17) өсімдіктер популяциясы – ортақ гендік қорға ие және белгілі бір аумақты алып жатқан өсімдіктердің бір түрінің дара нұсқалары жиынтығы; 

18) өсімдіктер ресурстары – әртүрлі мұқтаждар үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары;  

19) өсімдіктерді будандастыру – өсімдіктердің алуан түрлері жасушаларының генетикалық материалын біріктіруге негізделген будандарды қалыптастыру немесе алу процесі; 

20) өсімдіктерді жерсіндіру – өсудің барлық даму сатысынан өтетін және өніп кете алатын тұқым беретін жаңа немесе өзгерген жағдайларына өсімдіктердің бейімделуі; 

21) өсімдіктерді интродукциялау – өсімдіктердің түрлерін олардың табиғи өсетін жерлері мен мекендеу ортасының шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;  

22) өсімдіктерді реинтродукциялау – өсімдіктердің белгілі бір түрін олардың бұрынғы табиғи өскен жерлері мен мекендеу ортасына көшіру; 

23) өсімдіктердің бөтен текті түрі – аталған аумаққа тән емес, табиғи түрдегі өсімдіктер қауымдастықтарына енген жағдайда өсімдіктер дүниесіне зиян келтіруі мүмкін өсімдік түрі; 

24) өсімдіктердің генетикалық банкі – өсімдіктердің генетикалық материалының үлгілерін күтіп-баптау үшін арнайы жабдықталған қойма; 

25) өсімдіктердің генетикалық материалы – тұқым қуалаушылықтың функционалдық бірліктерін қамтитын, репродуктивтік және вегетативтік жолмен көбейетін материалдарды қоса алғанда, өсімдік тектес материал;  

26) өсімдіктердің генетикалық ресурстары – нақты немесе әлеуетті құндылықты білдіретін өсімдіктердің генетикалық материалы; 

27) өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциясы – бақыланатын жағдайларда сақталатын өсімдіктердің генетикалық материалы үлгілерінің жүйеленген, құжатталған жинағы; 

28) реликтік өсімдіктер – жойылып кеткен, бұрын кең таралған флоралардан сақталып қалған өсімдік түрлері; 

29) ресурстық зерттеп-қарау – белгілі бір аумақта өсімдіктердің жекелеген түрлері мен олардың қауымдастықтарының шикізат қорларын зерделеу және оларды алып қоюдың ықтимал көлемдерін айқындау жөніндегі ғылыми және іздестіру жұмыстарының кешені; 

30) флора – белгілі бір аумақта таралған өсімдік түрлерінің тарихи қалыптасқан жиынтығы; 

31) эндемиялық өсімдіктер – таралуы шектелген және өзге аумақтарда кездеспейтін өсімдік түрлері.
Статья 1 2 3 ...58

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться