Ст. 21 Өсімдіктер дүниесі туралы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ
Өсімдіктер дүниесі туралы
21-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында ғылыми зерттеулерді (жұмыстарды) ұйымдастыру
1. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер (жұмыстар): 1) өсімдік түрлерінің, оның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, эндемиялық және реликтік түрлерінің, олар құрайтын популяциялардың, қауымдастықтар мен экожүйелердің жай-күйін бағалау, оларға табиғи және техногендік факторлардың әсерін зерделеу;
2) өсімдіктер дүниесін түгендеу, оның мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін ғылыми негіздер әзірлеу;
3) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау саласында ғылыми ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы нормативтерді және экологиялық жүйеге жүктемелер әзірлеу;
4) ботаникалық коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын жинау, жүйелеу, зерделеу, сақтау және пайдалану;
5) жабайы өсетін өсімдіктердің әртүрлілігін және етене табиғи ландшафттарды сақтау жөніндегі шаралардың ғылыми негіздемесін әзірлеу;
6) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында ғылыми-техникалық сараптамалар жүргізу;
7) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құқықтық және экономикалық тетіктерді әзірлеу;
8) халықаралық зерттеу бағдарламалары мен жобаларына қатысу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді (жұмыстарды) ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей