Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 56 Рұқсаттар және хабарламалар туралы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

Рұқсаттар және хабарламалар туралы
56-бап. 3-қосымшаға

  "Рұқсаттар және хабарламалар
туралы"
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 202-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Заңына
3-қосымша

 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

 

Хабарламалар
ТІЗБЕСІ


Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2016 № 445-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 391-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2021 № 73-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2023 № 12-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

1. Теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

2. Мұнай өнімдерінің көтерме жеткізілімдеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама 

4. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

6. Тұқымның сұрыпты және егу сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

7. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін сынақтан өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

8. Электр энергетикасы объектілерін, жылу энергиясы көздерін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілерін және (немесе) олардың жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

9. Зоологиялық коллекцияны жасау туралы хабарлама 

10. Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

11. Картография жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

11-1. Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 

12. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

12-1. Балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

13. Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама 

14. Уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

15. Такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

16. Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

17. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

18. Халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

19. Алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

20. Алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

20-1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызметтер көрсетуді бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама 

21. Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

22. Медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

23. Алып тасталды – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24. Медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

25. Алып тасталды – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

26. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

27. Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

28. Шетелдiк және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтi бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама 

29. Алып тасталды - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

30. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама 

31. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

32. Туристік агенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

33. Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

33-1. Бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

34. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 

35. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама 

36. Өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

37. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 

38. Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама. 

39. Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама 

40. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама 

42. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

42-1. Фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы хабарлама  

42-2. Өсімдіктерді интродукциялау және (немесе) жерсіндіру туралы хабарлама 

42-3. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасы бойынша міндеттемелерге сәйкес өсімдіктердің генетикалық ресурстарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы хабарлама 

43. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

43-1. Көлік құралын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

44. Алып тасталды – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

44-1. Интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

45. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

46. Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

47. Алып тасталды – ҚР 03.10.2024 № 130-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

48. Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

49. Энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

50. Алып тасталды - 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

51. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарлама 

52. Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама 

52-1. Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 

53. Қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық өнімдерін бекітуі туралы хабарлама 

54. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

55. Нотариат қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 

56. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 

57. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны туралы хабарлама. 

58. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама. 

59. Метеорологиялық мониторинг жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 

60. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама. 

61. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация. 

62. Алып тасталды – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

63. Маңдайшаны орналастыру туралы хабарлама.

Статья 1 ...54 55 56

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.


госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,

татешка, кум, кума и т.д.т.п.


Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.


в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться