Ст. 108 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ
Оңалту және банкроттық туралы
108-бап. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік
1. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшаны банкроттықты басқарушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе банкроттың құрылтай құжаттарына сәйкес дара кәсіпкерге, банкрот – заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына) береді. 2. Кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған, сондай-ақ талаптарды қанағаттандыру есебіне кредитор немесе әкімшілік шығыстардың орнын толтыру есебіне әкімші қабылдамаған банкроттың заттай мүлкі, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерге, банкрот – заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі.
Ескерту. 108-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
109-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
109-бап. Банкротты борыштардан босату және оның міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы
Ескерту. 109-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот атқаруға қойылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде ескерiлген мiндеттемелер мен өзге де талаптарды орындаудан босатылады.
Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот деп танылған дара кәсіпкер банкрот деп жарияланған тұлға өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметке байланысты қалған міндеттемелерді орындаудан босатылады.
2. Банкроттың кредиторлар алдындағы банкроттық рәсімінің нәтижелері бойынша орындалмай қалған міндеттемелері өзіне қатысты соттың осындай кредиторлар талаптарының сомасын осы Заңның 96-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде субсидиарлық тәртіппен өндіріп алу туралы шешімі заңды күшіне енген тұлғаның орындауына жатады.
Ескерту. 109-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей