Ст. 93 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ
Оңалту және банкроттық туралы
93-бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктері
1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кеш болмайтын мерзімде өткізеді.
2. Кредиторлардың алғашқы жиналысында:
1) кепілге салынған мүлікті қоспағанда, мүлікке бағалау жүргізу туралы шешім қабылданады;
2) хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасы таңдалады;
3) кредиторлар комитеті құрамының саны айқындалады және осы құрам, кредиторлар комитетінің төрағасы бекітіледі;
4) кредиторлар комитетінің жұмыс регламенті бекітіледі;
5) банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есеп қаралады;
6) банкроттың қызметін жалғастыру (тоқтату) туралы шешім қабылданады.
3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау;
2) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) банкрот мүлкін тікелей сату туралы шешім қабылдау;
4) лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау;
5) банкроттықты басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте негізгі сыйақы мөлшерін айқындау;
6) банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
7) қорытынды есепті келісу;
8) банкроттық рәсімін жүргізу үшін банкроттықты басқарушының қарыз алуы туралы шешім қабылдау;
9) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешім қабылдау;
10) банкроттық рәсімі барысында оңалту рәсіміне өту туралы шешім қабылдау;
11) осы Заңның 95-1-бабында көзделген жағдайда оңалту жоспарын келісу;
12) кредитордың кредиторлар жиналысына келмеу себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.
4. Банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде кредиторлар жиналысы әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
Кредиторлар жиналысы сайланған кандидатты оның кандидатурасын уәкілетті органға ұсынғанға дейін оның банкроттықты басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны кредиторлар жиналысы оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 5-тармағының бірінші бөлігі негізінде кандидатураны банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мән-жайларды анықтаған жағдайда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабы 8-тармағының 3) тармақшасы негізінде әкімші қызметін жүзеге асыруға құқылы адамдардың хабарламалары тізілімінен банкроттықты басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабарды кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті.
Кредиторлар жиналысы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан уәкілетті орган бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті.
5. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 399-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 19-бап. Қордың қызметі Оңалту және банкроттық туралы 111-бап. Уәкілетті органның интернет-ресурсында борышкерлер тізімін орналастыру Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы 22-бап. Осы Заңның күшiне енгiзiлу тәртi... О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан Статья 50-2. Генеральное финансовое соглашение, расчеты по которому осуществляются за счет собственных средств и (или) пенсионных активов единого накопи... Оңалту және банкроттық туралы 128-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей