Ст. 18 Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы
18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау
1. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті шарты болып табылады. 2. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды және техникалық паспорт ресімделмейді.
Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алынуға жататын, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде енгізеді.
Құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерінен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші тіркеуші органға мұндай алшақтықтарды анықтау мақсатында өтініш беруге құқылы, оның нәтижесі бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.
Мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға және (немесе) олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беру ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жарақтандыру нәтижесінде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, мұндай сипаттамалардың өзгеруі техникалық паспортта зерттеп-қарау жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын, оның ішінде кадастрлық нөмірдің, мекенжайдың, мекенжайдың тіркеу кодының (бар болған жағдайда) өзгерген кездегі жағдайларды қоспағанда, жүргізіледі.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша техникалық паспорт ресімделеді, онда анықталған өзгерістер көрсетіледі.
4. Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтердің нысандарын, техникалық паспорттың нысанын уәкілетті орган айқындайды.
5. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-1. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4-1) жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 54-бап. Жылжымайтын мүліктің жойылуына (бүлінуіне) немесе оған құқықтан бас тартуға байланысты құқықтың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 42-бап. Мемлекеттік меншік құқығын мемлекеттік тіркеу Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 29-бап. Мемлекеттік тіркеуді уақытша тоқтату Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 31-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тарту Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы 19-бап. Мемлекеттік техникалық тексеру үшін ақыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей