Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22-5 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Сауда қызметiн реттеу туралы
22-5-бап. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл

1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген кандидаттарға қатысты "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік қызметшілерді іссапарға жіберу бөлігіндегі нормалары қолданылмайды.

3. Берілуі Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігіне байланысты жүзеге асырылатын, оның ішінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде берген ақпаратты, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс және консультативтік органдарына жібереді.

Ескерту. 4-тарау 22-5-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тарауды 22-6, 22-7-баптармен толықтыру көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. Сауданың өзге түрлері

Статья 1 ...22‑3 22‑4 22‑5 22‑6 22‑7 ...36

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться