Ст. 2 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
Действующий аналог
Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралыҚазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: селолық тұтыну кооперативі - азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi;
кооперативтiк учаске - пайшылардың белгiлi бiр саны бiрiккен және аумақтық немесе селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысы белгiлейтiн өзге де белгi бойынша құрылуы мүмкiн учаске;
селолық тұтыну кооперативiнiң уәкiлi - кооперативтiк учаске пайшыларының жиналысында сайланған және мәселелердi селолық тұтыну кооперативi уәкiлдерiнiң жалпы жиналысында шешуге өкiлеттiк берiлген пайшы;
жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) - селолық тұтыну кооперативiнiң жоғары басқару органы;
селолық тұтыну кооперативтерiнiң қауымдастығы (одағы) - селолық тұтыну кооперативтерiнiң өздерiнiң жалпы мүліктік және өзге де құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қызметiн үйлестiру мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мен халықаралық ұйымдарда өз мүдделерiн бiлдiру, сондай-ақ өз мүшелерiне құқықтық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету үшiн селолық тұтыну кооперативтерінің жалпы жиналыстары шешiмдерiнiң негiзiндегi ерiктi бiрлестiгi;
селолық тұтыну кооперациясының жүйесi - селолық тұтыну кооперативтерi мен олардың қауымдастықтары (одақтары);
пайшы - мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзген және жарғыда көзделген тәртiппен селолық тұтыну кооперативiне мүшелiкке қабылданған азамат (заңды тұлға);
мүлiктiк (пайлық) жарна - селолық тұтыну кооперативiнiң пай қорына пайшының қосатын жарнасы;
пай қоры - селолық тұтыну кооперативiн құру немесе оған кiру кезiнде пайшылар қосатын мүлiктiк (пайлық) жарналардан тұратын және селолық тұтыну кооперативiнiң мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор;
резервтiк қор - төтенше жағдайлардың салдарынан келтiрiлген залалдарды жабуға арналған қор, оны қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi селолық тұтыну кооперативiнiң немесе қауымдастығының (одағының) жарғысымен белгiленедi;
бөлiнбейтiн қор - селолық тұтыну кооперативiнiң таза табысының бiр бөлiгi есебiнен құрылған қор, оны қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi селолық тұтыну кооперативі жарғысымен белгiленедi;
селолық тұтыну кооперативтерi қауымдастығы (одағы) мүшелерiнiң өкiлдерi - осы селолық тұтыну кооперативi кiретiн қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнiң жалпы жиналысының жұмысына қатысу үшін жалпы жиналыста селолық тұтыну кооперативтерiнiң атынан сайланған уәкiлеттi адамдар.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Рұқсаттар және хабарламалар туралы 7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі Неке және отбасы туралы 131-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi Дамуға ресми көмек туралы 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 8-бап. Ассамблеяның құрылымы Рұқсаттар және хабарламалар туралы 45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу)Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей