Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404


Утратил силу

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
7-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң мiндеттерi

Су пайдаланушылар кооперативi:

1) Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес жергілікті уәкiлеттi органда арнайы cy пайдалануға және су тұтыну лимитіне рұқсат алуға;

2) су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi болып табылмайтын жүктелген аумақтың су пайдаланушыларымен олардың әрқайсысы үшiн су тұтыну лимитiн белгiлеу және ол үшiн ақы төлеу туралы шарттар жасауға;

3) су пайдаланушылар кооперативiне кiрмеген жүктелген аумақтың су пайдаланушыларына суды олардың әрқайсысы үшiн шартпен белгiленген су тұтыну лимитi шегiнде берудiң кестесiн жоспарлауды жүзеге асыруға;

4) шарттарға сәйкес, су пайдаланушылар кооперативiндегi мүшелiгiне қарамастан, жүктелген аумақтың барлық су пайдаланушыларының суды бiрдей пайдалану құқығын қамтамасыз етуге;

5) су ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi есептi және есептiлiктi жүргiзуге, гидромелиоративтiк жүйенi суды есептеуге арналған құралдармен қамтамасыз етуге;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда су ресурстарын пайдалануға лицензия алуға;

7) гидротехникалық құрылыстарды, құрылғыларды және жабдықтарды сақтау мен қауiпсiз пайдалану жөнiндегi iс-шараларды сақтай отырып, оларды пайдалануды, жөндеудi, реконструкциялауды жүзеге асыруға;

8) гидротехникалық құрылыстардың, құрылғылар мен жабдықтардың паспортын беру iсiн жүргiзуге;

9) су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiне суды ұтымды және тиiмдi пайдалану саласындағы бiлiктiлiгi мен бiлiмдерiн арттыруға жәрдемдесуге;

10) су пайдаланушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге, оларға жаңа технологияларды, техниканы енгiзу кезiнде және ғылым-бiлiмдi таратуда көмектесуге;

11) Қазақстан Республикасының су, жер, санитариялық-эпидемиологиялық, табиғат қорғау заңдарын және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарын, арнайы су пайдаланудың шарттарын, белгiленген нормалары мен ережелерiн сақтауға;

12) су пайдаланушылар кооперативiндегi мүшелiгiне қарамастан, жүктелген аумақтың барлық су пайдаланушыларына су ресурстарын ұтымды пайдалануға жәрдемдесуге, су ресурстары сапасының нашарлауына жол бермеуге;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген есептiлiктi жүргiзуге;

14) суды арнаулы мақсатқа және оны беру шарттарына сәйкес пайдалануға;

15) су пайдаланудың белгiленген лимитiн, ережелерiн, нормалары мен режимiн сақтауға;

16) су ысырабын жоюға және азайтуға қатысты шаралар қолдануға;

17) су көздерiнiң ластануына және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге;

18) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап беруге;

19) су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.  
2-тарау. Су пайдаланушылар кооперативін құру
тәртібі және оны басқару
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...23

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться