Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 404


Утратил силу

Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы
9-бап. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысы

1. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысы заңды тұлға ретiндегi су пайдаланушылар кооперативiнiң құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады.

2. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында:

1) су пайдаланушылар кооперативiнiң атауы, орналасқан жерi, ұйымдық-құқықтық нысаны;

2) су пайдаланушылар кооперативi қызметiнiң нысанасы мен мақсаттары;

3) пайшылардың су пайдаланушылар кооперативi мүшелiгiне кiру және одан шығу тәртiбi, соның iшiнде су пайдаланушылар кооперативi мүлкiндегi өз үлесiн бөлiп алу тәртiбi;

4) мүлiктiк (пайлық) жарналарды енгiзудiң құрамы, мөлшерi және тәртiбi;

5) су пайдаланушылар кооперативi мүлкiнiң қалыптасу көздерi;

6) су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;

7) су пайдалану учаскесiнiң құрылу және қызмет ету шарттары, тәртiбi;

8) су пайдалану учаскесi уәкiлдерiнiң өкiлеттiгi;

9) су пайдаланушылар кооперативiнiң мүшелерi болып табылмайтын, жүктелген аумақтың су пайдаланушыларымен қарым-қатынас;

10) cу пайдаланушылар кооперативiнiң атқару, бақылау және өзге де органдарын қалыптастыру, сайлау (қайта сайлау) тәртiбi және олардың өкiлеттiктерi, шешiмдер қабылдау тәртiбi;

11) су пайдаланушылар кооперативiнiң шеккен шығындарын су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнiң жабу тәртiбi;

12) су пайдаланушылар кооперативiн қайта ұйымдастыру және тарату шарттары;

13) су пайдаланушылар кооперативiнiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi көрсетiлуге тиiс.

Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкін.

3. Су пайдаланушылар кооперативiнiң жарғысына тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi көрсетiле отырып, кооператив мүшелерiнiң тiзiмi, сондай-ақ заңды тұлғалардың атауы мен орналасқан жерi, сондай-ақ су пайдаланушылар кооперативi мүшелерiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтер қоса берiледi.
Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...23

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться