Ст. 7 Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 16-VIII ҚРЗ
Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы
7-бап. Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, оның жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын белгілеу немесе өзгерту
1. Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, оның жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын белгілеу немесе өзгерту, сондай-ақ босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру туралы ұсынысты уәкілетті ұйым кешенді экологиялық зерттеп-қараудың негіздемесін, нәтижелерін және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын ұсына отырып, уәкілетті органға енгізеді. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, оның жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын белгілеу немесе өзгерту, сондай-ақ босалқы жерлерді ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру туралы актісінің жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және шекараларында Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жер учаскелері орналасқан облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.
3. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдары мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы болған кезде кешенді экологиялық зерттеп-қарау материалдарының негізінде белгіленеді немесе өзгертіледі.
4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер пайдалануға берілген жер учаскелерін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде құрылады. Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жерлері иеліктен шығарылуға жатпайды.
5. Уәкілетті орган Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсынысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген материалдар енгізілген күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Уәкілетті орган:
1) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсыныс мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
2) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
3) ұсынылған материалдар толық болмаған жағдайларда, уәкілетті ұйымның Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсынысын қабылдамайды.
Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамау Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын өзгерту туралы ұсынысты қайтадан енгізуге кедергі болмайды.
7. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекаралары мен алаңдарын қайта қарау рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасауы мүмкін.
8. Жергілікті жерде Семей ядролық қауіпсіздік аймағының шекарасы арнаулы ескерту белгілерімен белгіленеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей