Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39


Утратил силу

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
13-бап. Медициналық-әлеуметтік сараптама, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы

1. Адамның мүгедектігін, еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін белгілеуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзбе-жүз (куәландырылатын адамды қарап-тексеру) немесе сырттай медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады. 

2. Медициналық-әлеуметтік сараптама денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілетін медициналық құжаттар негізінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның жолдамасы бойынша жүргізіледі. 

3. Медициналық-әлеуметтік сараптама куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіби және психологиялық деректерін талдау негізінде организмнің жай-күйін кешенді бағалау негізге алына отырып, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

3-1. Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын уақыт бұрын немесе төтенше жағдай кезінде басталған, көрсетілген кезеңде қайта куәландырудан өтпеген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесінің және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері бұрын белгіленген қайта куәландыру күнінен бастап үш айға автоматты түрде ұзартылады. Төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталатын ай толық есепке жатқызылады. 

4. Қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады. 

5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша, тыныс-тіршілік санаттарының біреуінің (өзін-өзі қарап-күту, жүріп-тұру, еңбек қызметі (еңбекке қабілеттілік), оқып-үйрену, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, ойын қызметі және танымдық қызмет, қозғалыс белсенділігіне қабілеті) шектелуіне алып келетін, организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда, мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді. 

6. Мүгедектік тобы жеті жастан бастап белгіленеді. 

7. Адамды мүгедектігі бар адам деп тану және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгілеу кезінде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктер айқындалады, сондай-ақ мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармақ 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады - ҚР 12.10.2021 № 67-VІІ Заңымен.

8. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектікті белгілеу мерзіміне әзірленеді. 

9. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және (немесе) олардың орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіби оңалту шараларын қамтитын оңалту іс-шараларының кешенін айқындайды. 

Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектігі бар адам мұқтаж болатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің атауын да қамтиды. 

10. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін медицина қызметкерлері медициналық құжаттар мен ақпараттық жүйелерде толтырады. 

11. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамға тегін берілетін оңалту іс-шараларын да, ақысын төлеуге мүгедектігі бар адамның өзі немесе оның жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысатын оңалту іс-шараларын да қамтиды. 

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.10.2021 № 67-VІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...40

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться