Ст. 24 Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
24-бап. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну
1. Денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның тұрақты күтіміне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж, бірінші және екінші топтардағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық науқастар қатарындағы бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мүгедектігі бар адамдардың жасына, денсаулық жағдайына сәйкес бейінделген қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жүзеге асырылады және тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасауды, күтіммен қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетуді, оңалтуды, әлеуметтік-еңбектік бейімдеуді, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды қамтиды. 2. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көлемі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес ұсынылады.
3. Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де материалдық және қаржылық түсімдер есебінен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну, құрылтайшылардың қаражатын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей