Ст. 45 Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы
45-бап. Алатау қаласындағы кедендік режим
1. Кедендік және салықтық реттеу мақсаттары үшін Алатау қаласы осы бап қолданысқа енгізілген күннен бастап елу жыл ішінде арнайы экономикалық аймақ режимінде жұмыс істейді, осыған байланысты: 1) Алатау қаласының шекаралары мен аумағының алаңы көрсетілген арнайы экономикалық аймақтың шекаралары мен алаңы болып саналады;
2) Алатаудың резидент заңды тұлғалары бір мезгілде арнайы экономикалық аймақтың резиденттері болып саналады және әкімшілік берген және осы мақсаттар үшін арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартпен танылатын лицензияның негізінде арнайы экономикалық аймақ резиденттерінің тізіліміне енгізілуге жатады;
3) кедендік реттеу мақсаты үшін арнайы экономикалық аймақ резиденттерінің тізілімін жүргізуді әкімшілік жүзеге асырады;
4) әкімшілік Алатау қаласында кеден және салық органдарының функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруға құқылы;
5) арнайы экономикалық аймақ резиденттерінің тізіліміне енгізілген Алатаудың резидент заңды тұлғалары туралы мәліметтерді әкімшілік, егер Алатау қаласы заңнамасында өзгеше көзделмесе, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына (бұдан әрі – ЕАЭО-ның кеден заңнамасы), сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Алатаудың резидент заңды тұлғалары туралы мәліметтерді кейіннен беру мақсаттары үшін, тиісті дерекқормен интеграциялау шеңберінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға береді;
6) егер Алатау қаласының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Алатау қаласының аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімі және өзге де кедендік рәсімдер, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік операциялар қолданылады;
7) Алатау қаласының органдары ЕАЭО-ның кеден заңнамасын ескере отырып, Алатау қаласы заңнамасының Алатау қаласының аумағында кедендік рәсімдер мен кедендік операцияларды қолданудың талаптары мен ерекшеліктерін реттейтін тиісті актілерін қабылдауға құқылы;
8) кедендік рәсімдермен орналастыру мақсатында Алатау қаласының аумағына тауарларды әкелу және Алатау қаласының аумағынан тауарларды әкету әкімшілік айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Әкімшілік берген лицензияға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында Алатау қаласының аумағында арнайы экономикалық аймақ резиденттері орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарлар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылады.
3. Егер Алатау қаласы заңнамасының актілерінде өзгеше көзделмесе, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар Алатау қаласының аумағында орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін.
4. Алатау қаласының аумағынан тауарларды әкету кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі, егер Алатау қаласы заңнамасының актілерінде өзгеше көзделмесе, тауарларды ЕАЭО-ның кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген кедендік рәсімдермен орналастырумен аяқталады.
5. Кедендік бақылауды жүргізу тәртібі, қолданылатын технологиялар (нұсқаулықтар), кедендік бақылау нысандары және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар ЕАЭО-ның кеден заңнамасымен реттелмейтін бөлігінде әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
6. Алатау қаласының кедендік бақылау аймақтары аумағының периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды қоса алғанда, осындай аумақты жайластыруға қойылатын талаптар, сондай-ақ адамдардың мұндай аумаққа кіру тәртібін белгілеу әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 7-бап. Арнаулы құқықтық режимнің міндеттеріРекомендованные страницы
Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы 23-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыруға байланысты жарнаманың ерекшеліктері Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 7-бап. Қауiпсiздiк шараларының түрлерi Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 12-бап. Цифрлық басымдылық қағидаты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы 11-бап. Шекара қызметi әскери қызметшiлерiнiң құқылық жағдайы және ... О специальном правовом режиме города Алатау Статья 74. Разрешение инвестиционных споровРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей