Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтініштерді қарау рәсімі

1. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады, оларды жасасу үшін өтініш беруші осы бапқа сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына тиісті өтінішті береді. 

2. Мыналар: 

1) жер қойнауын пайдаланушылар; 

2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар; 

3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер; 

4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған, аяқталмаған келісімшарттар бойынша инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын ұйымдар; 

5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар; 

6) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті берушілерге жатпайды. 

Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймаққа қатысты өтініш берушілерге шетелдік жеке және заңды тұлғалар жатпайды. 

3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішке қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттар: 

1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы; 

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 

3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі; 

5) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі; 

6) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі қоса беріледі.  

Егер өтініш беруші қызметті өтініш берілген күнге дейін 12 айдан аз жүзеге асырса, онда қаржылық есептілікті ұсыну ол болған кезде соңғы есепті күнге жүзеге асырылады; 

7) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі қоса беріледі. 

Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берілген кезде жобаның негіздемесі қоса беріледі; 

8) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп; 

9) тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы; 

10) осы баптың 16 және 17-тармақтарына сәйкес жобаны қаржылық қамтамасыз етудің растамасы; 

11) егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы қоса беріледі. 

Егер заңды тұлға құжаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады. 

Шетелдік заңды тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған үзiндi көшірмені немесе шетелдiк заңды тұлғаның шет мемлекеттiң заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған басқа құжатты қазақ және орыс тiлдерiне нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынады. 

4. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішке қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттар: 

1) дара кәсіпкер үшін: 

уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы; 

дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған өтініш беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы; 

осы баптың 16-тармағына сәйкес жобаны қаржылық қамтамасыз етудің растамасы (бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар үшін); 

егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы; 

2) заңды тұлға үшін: 

уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы; 

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 

өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 

жарғының көшірмесі; 

өтініш беруші заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі; 

өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі қоса беріледі. Егер өтініш беруші қызметті өтініш берілген күнге дейін 12 айдан аз жүзеге асырса, онда қаржылық есептілікті ұсыну ол болған кезде соңғы есепті күнге жүзеге асырылады; 

тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы; 

осы баптың 16-тармағына сәйкес жобаны қаржылық қамтамасыз етудің растамасы (бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар үшін); 

егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы қоса беріледі. 

5. Өтініш беруші өтініш берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы: 

1) өтініш берілген күні оны өтініштерді тіркеу журналында тіркеуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға; 

2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексеруге міндетті. 

6. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтінішті жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес қарайды. 

7. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәлімделген қызмет түрі, оның ішінде бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлері арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына, басым қызмет түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы баптың 3 немесе 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады. 

8. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәлімделген қызмет түрі өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы баптың 3 немесе 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады. 

9. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шартты немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасудан бас тарту туралы шешімді оны қабылдау негіздемесімен бірге өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде жіберуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. 

10. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қояды. 

11. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай үйлестіру орталығына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді және шарт жасасу туралы ақпаратты бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырады. 

12. Бірыңғай үйлестіру орталығы тиісті шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік береді немесе куәлік бермей бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізеді. 

Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығы осындай тұлғаларды және арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алғаны туралы хабардар етеді. Бірыңғай үйлестіру орталығы мемлекеттік кіріс органдарын да тұлғаны арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу туралы хабардар етеді. 

Аталған тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізу туралы ақпарат бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырылады. 

13. Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық жеңілдіктерді алуға құқылы. 

14. Мемлекеттік кіріс органдары бірыңғай үйлестіру орталығының хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады. 

15. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы: 

1) арнайы экономикалық аймақ таратылған кезде; 

2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде; 

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 

Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай үйлестіру орталығын және мемлекеттік кіріс органдарын тиісті шарт қолданысының тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. 

16. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген кезде өтініш берушілер жоба құнының кемінде он пайызы мөлшерінде қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін мынадай тәсілдердің бірімен: 

1) ақшамен; 

2) банктік кепілдікпен; 

3) өтініш беруші үшін осы тармақта көзделген тәсілдермен кепілгердің қаржылық қаражатының бар екенінің растамасы қоса берілген кепілгерлікпен; 

4) мүлік кепілімен; 

5) сақтандыру шартымен растауға тиіс. 

Өтініш беруші қаржылық қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде бірнеше тәсілді комбинациялау арқылы таңдауға құқылы. 

Осы тармақтың ережелері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қолданылмайды. 

17. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алған кезден бастап екі жыл ішінде жоба құнының қалған бөлігіне қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін растауға тиіс. 

Жобасының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің он бес миллион еселенген мөлшерінен асатын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алған кезден бастап үш жыл ішінде қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін растауға тиіс. 

Осы тармаққа сәйкес қаржылық қамтамасыз етуді арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну кезінде іске асырылмай қалған жоба құнының бір бөлігіне ұсынады. 

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться