Ст. 17 Арнайы экономикалық аймақтар туралы 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV
Арнайы экономикалық аймақтар туралы
17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру
1. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы акт қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру және (немесе) құруға қатысу туралы шешім қабылдауға тиіс. 2. Астананың арнайы экономикалық аймағының басқару органын мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақ олардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда мына тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
4) басқа елдерде немесе Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды басқару тәжірибесі бар шетелдік тұлғалар басқарушы компанияның құрылтайшысы бола алады.
4. Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған жағдайда, егер арнайы экономикалық аймақ құру туралы актіде өзгеше белгіленбесе, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Арнайы экономикалық аймақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда, басқарушы компания шығарған дауыс беретін акциялардың кемінде жиырма алты пайызы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Басқарушы компаниялардың мемлекетке тиесілі акциялары бірыңғай үйлестіру орталығына сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
5. Басқарушы компанияның бірінші құрылтай жиналысы Қазақстан Республикасының Үкіметі басқарушы компанияны құруға мемлекеттің қатысуы туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
6. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың орналасқан жері бойынша тіркеледі.
7. Акционерлер басқарушы компанияның директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған адамдар арасынан, лауазымы бойынша басқарушы компанияның директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитетін басқаратын тәуелсіз директорды, сондай-ақ бірыңғай үйлестіру орталығы ұсынған адамдар арасынан тәуелсіз директорды сайлайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 362-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей