Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

Сақтандыру қызметi туралы
16-бап. Сақтанушыларға ақпарат беру бойынша сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға, сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар

Ескерту. 16-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың), сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген адамдардың назарына өз қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсы болуға тиіс. 

2. Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында мынадай ақпарат: 

1) осы ұйымның, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі; 

2) акционерлер туралы мәліметтер; 

3) басшы қызметкерлер туралы мәліметтер; 

4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер; 

5) лицензияның нөмірі, берілген күні туралы мәліметтер; 

6) жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер; 

7) аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік үш жылға жылдық қаржылық есептілік (болған кезде); 

8) аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік үш жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (болған кезде); 

9) алдыңғы есептік үш жылдағы қызмет қорытындылары туралы есептер (болған кезде); 

10) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (болған кезде); 

11) сақтандыру ұйымына рейтингтік агенттіктер берген рейтингтер (берген жағдайда); 

12) құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдары туралы мәліметтер (сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін); 

13) олар бойынша олардың алдыңғы редакцияларын, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды көру мүмкіндігімен сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін, ерікті нысандағы сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидалары; 

14) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің (сақтандыру сыйлықақыларының, жарналарының) мөлшерлері туралы ақпарат; Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі. 

15) сақтандыру ұйымы бекіткен сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының ең төмен және ең жоғары мөлшерлері туралы ақпарат орналастырылады. 

2-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады: 

1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі; 

2) есептік тіркеу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер; 

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы туралы ақпарат, оның интернет-ресурсы; 

4) өткен есепті үш жыл үшін аудиторлық ұйым растаған, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі; 

5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша өткен есепті үш жыл үшін жылдық есептілігі (бар болса); 

6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген ақпарат. 

3. Сақтандыру брокерінің интернет-ресурсында мынадай ақпарат: 

1) осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат; 

2) акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер; 

3) шарттың нөмірі мен жасалған күнін, сақтандырушының атауын, сақтандыру объектісін және шартты жасасу нысанасы болып табылатын тәуекелдер тізбесін, оның қолданылу кезеңін және шарт бойынша сақтандыру сомасын қоса алғанда, сақтандыру брокерінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты туралы мәліметтер орналастырылады. 

3-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады: 

1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі; 

2) есептік тіркеу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер; 

3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы ақпарат, оның интернет-ресурсы; 

4) өткен есепті үш жыл үшін аудиторлық ұйым растаған, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі; 

5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша өткен есепті үш жыл үшін жылдық есептілігі (бар болса); 

6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9) және 10) тармақшаларында, 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат. 

4. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында мынадай ақпарат: 

1) осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат; 

2) қатысушы – сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтер орналастырылады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында мынадай ақпарат: 

1) осы баптың 2-тармағының 6), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат; 

2) сақтандыру омбудсманы офисінің, оның ішінде оның филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі; 

3) сақтандыру омбудсманын сайлау туралы мәліметтер; 

4) сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының тізбесі; 

5) сақтандыру омбудсманының қызметін, оның ішінде дауларды шешу жөніндегі өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдерін регламенттейтін ішкі қағидалар, сондай-ақ сақтандыру нарығының қатысушыларымен жасалған меморандумдар орналастырылады. 

6. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында мынадай ақпарат: 

1) осы баптың 2-тармағының 1), 4), 6), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат; 

2) басшылар туралы мәліметтер; 

3) акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер орналастырылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 16.01.2026 № 259-VIII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

8. Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері өзінің тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi өзгерген, атауы өзгерген жағдайда, бұл туралы сақтанушыларға қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында бiр ай мерзімнен кешiктiрмей және сақтандырушының интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабар беруге мiндеттi.  

Сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері өзiнiң оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерi өзгерген жағдайда, бұл туралы өзiнiң сақтанушыларына қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымдарында бiр ай мерзімнен кешiктiрмей және өзінің интернет-ресурсында он жұмыс күні ішінде хабарландыру жариялау арқылы хабар беруге мiндеттi.  

9. Сақтанушы исламдық сақтандыру шартын жасасқан кезде ислам сақтандыру ұйымынан исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің сақтандыру қағидаларының осы Заңның 6-1-тарауында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын қорытындысын сұратуға құқылы. 

Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. САҚТАНДЫРУ ДЕЛДАЛДЫҒЫ

Статья 1 ...15‑1 15‑2 16 16‑1 16‑2 ...92

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться