Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сақтандыру қызметi туралы
27-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру

1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшiн уәкілетті мемлекеттiк органға мынадай құжаттар табыс етiледi: 

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алуға өтiнiш; 

2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі);

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру туралы шешiм қабылданғанын дәлелдейтiн құжаттар; 

4) аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы екi қаржы жылына қаржылық есептiлiк, құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік баланс және пайдалар мен шығындар туралы есеп қамтылатын құрылтайшы – заңды тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәлiметтер. Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында аяқталған соңғы екi қаржы жылына қаржылық есептiлiк орналастырылған жағдайда, осы есептілік ұсынылмайды. 

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру үшін пайдаланылатын көздер мен ақша сомасының сипаттамасын қоса алғанда, құрылтайшы – жеке тұлғалар (мұндай құрылтайшылар болған кезде) туралы мәліметтер. Осы Заңның 26-бабы 6-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген қаражат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады; 

5-1) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін, еншілес ұйым құруға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға ие болуға рұқсат алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 26 және 32-баптарында көзделген құжаттар мен мәліметтер; 

6) бизнес-жоспар. 

6-1) алынып тасталды - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

7) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-1. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы өз мемлекетiнiң тиiстi сақтандыруды қадағалау органының өзiне Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға рұқсат етiлгенiн растайтын құжатты не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша мұндай рұқсат талап етiлмейтiнi туралы мәлiмдеменi табыс етуге мiндеттi.  

Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының шетелдiң мемлекеттiк органы берген құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылуға тиiс. 

3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1), 4) - 6) тармақшаларында аталған құжаттардың мазмұнына, соның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 

4. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсаттың заңдық күшi болады. 

5. Өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берілген күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың, сондай-ақ еншілес ұйым құруға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсаттардың және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісімнің күші жойылды деп есептеледі. 

6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берілген күннен бастап елу жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс. 

7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хабарлама өтініш берушіге және Корпорацияға жіберіледі. 

8. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.10 № 483, 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 287-VІ (03.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...26 26‑1 27 28 29 ...92

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться