Ст. 90 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126
Сақтандыру қызметi туралы
90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі
1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.
2. Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
3. Сақтандыру ұйымдарының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі оны сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті болады.
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылық фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
5. Сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) болып табылатын, осы Заңның 86-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған тұлғалар, сондай-ақ сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.
Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Сақтандыру қызметi туралы 86-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі, қызмет қағидаттары, оны сайлау тәртібі және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандыру қызметi туралы 89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 725-1-бап. Қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын қарыз шартының ерекшеліктері Сақтандыру қызметi туралы Об оперативно-розыскной деятельности Статья 26. Взаимодействие с уполномоченным органом по возврату активовРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей