Ст. 28 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
28-бап. Палатаның өкілеттіктері
1. Палатаның қызметі осы Заңда, оның жарғысында айқындалады. 2. Палата:
1) өз мүшелерінің, сондай-ақ аумақтық палаталардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) өз мүшелерінің, сондай-ақ аумақтық палаталардың мемлекеттік органдармен, өзге де заңды тұлғалармен қарым-қатынастарында сот-сараптама қызметін жүзеге асыруы кезінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді және қорғайды;
3) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия алуға үміткер адамдардың біліктілік емтихандарын тапсыруы үшін оларды дайындауда әдістемелік көмекті жүзеге асырады;
4) өз мүшелерін оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
5) сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлейді;
6) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату және одан айыру туралы ұсынысты енгізеді;
7) өз мүшелерінің сот сарапшысының міндеттерін және сот сарапшысы әдебін бұзуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
8) сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының норма шығарушылық қызметіне қатысады;
9) аумақтық палаталардың қызметін тексеруді жүзеге асырады;
10) сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
11) біліктілік және аттестаттау комиссиясының құрамына енгізу үшін өкілдер жібереді;
12) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ол бекіткен нысан бойынша өз қызметі туралы статистикалық ақпарат ұсынады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.
3. Палата лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамның жасаған әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) заңдылығы туралы мәселені қарау кезінде одан жүргізілген сот-сараптамалық зерттеулер туралы мәліметтерді, ал қажет болған жағдайларда жеке түсіндірмелер беруді, оның ішінде сот сарапшысының әдебін сақтамау мәселелері бойынша жеке түсіндірмелер беруді талап етуге құқылы.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 39-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны Төлемдер және төлем жүйелері туралы 14-бап. Көрсетілетін төлем қызметтерін төлем агенттері және (немесе) қосалқы төлем агенттері арқылы көрсету кезінде қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 30-бап. Сот сараптамасын жүргізу негіздері Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 156. Помощники и стажеры частного судебного исполнителя Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұныРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей