Ст. 36 Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 2017 жылғы 10 ақпандағы № 44-VІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы
36-бап. Жеке-дара және комиссиялық сот сараптамалары
1. Сот сараптамасын жүргізуді сот сарапшысы жеке-дара не сот сарапшылары комиссиясы жүзеге асырады. 2. Комиссиялық сот сараптамасы күрделі сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сот сарапшысы жүргізеді.
Адам есінің дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін құрамында кемінде үш сот сарапшысы бар комиссия тағайындалады.
3. Комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылады.
Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сот сараптамасын жүргізу туралы шешімді дербес қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.
4. Комиссия құрамына кіретін сот сарапшыларының қызметін үйлестіру үшін сот сараптамасы органының басшысы үйлестіруші сарапшыны тағайындайды.
Үйлестіруші сарапшы сот-сараптамалық зерттеулердің жалпы жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады, сот сараптамасын жүргізудің жалпы мерзімі шегінде жекелеген зерттеулер жүргізу мерзімдерін айқындайды және олардың сақталуын бақылайды, сот сараптамасын тағайындаған органмен (адаммен) байланысты жүзеге асырады, сот сарапшыларының кеңесіне басшылық жасайды.
5. Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы тәуелсіз және дербес түрде зерттеулерді толық көлемде жүргізеді.
6. Сараптама комиссиясының мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, сарапшы қорытындысына не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда, пікірі комиссияның қалған мүшелерінің түйіндерімен сәйкес келмеген сот сарапшысы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей