Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар

1. Аудандық соттың судьясы болып: 

1) отыз жасқа толған; 

2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі және заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 215-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

3) біліктілік емтиханын тапсырған (Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы емтихан тапсырудан босатылады); 

4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 215-VII (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

5) негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, сотта ақы төленетін тағылымдамадан ойдағыдай өткен және тағылымдама қорытындысы бойынша соттың жалпы отырысының оң қорытындысын алған (Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқу бiтiрген және біліктілік емтиханын тапсырған адам оқуын бітірген күннен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуден босатылады); 

6) "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда полиграфологиялық зерттеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматы тағайындала алады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген талаптар жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды. 

2. Мынадай: 

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған; 

2) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам судья болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін қызметтен шығарылған адам судья болып тағайындалмайды; 

3) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 

4) судья лауазымына конкурсқа қатысар алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған; 

5) бұрын сотталған; 

6) қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;  

7) судья лауазымынан, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қызметтен шығарылған адам судья бола алмайды. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе қасақана бұрмалау судья лауазымына тағайындаудан немесе судьяның бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысудан бас тартуға негіз болып табылады. 

4. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар азамат облыстық соттың судьясы бола алады. 

5. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заңгерлік кәсібі бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі бар, оның кемінде он жылы судьялық жұмыс өтілі болатын, оның ішінде бес жыл облыстық соттағы судьялық жұмыс өтілі бар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.  

Жалпы отырыстың қорытындысы ұсынымдық сипатта болады. 

Өтілдің болуы, тағылымдамадан өту, біліктілік емтиханын тапсыру, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қорытындысының қажеттігі туралы талаптар Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатқа, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 30-бабы 4-тармағының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларда қолданылмайды.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.03.2023 № 215-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

6. Аудандық сот төрағасы мен судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.  

Облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. 

Осы тармақтың облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысын алу қажеттігі туралы талабы жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға, сондай-ақ бұрын судья лауазымын атқарған адамдарға ғана қолданылады. 

Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің де қорытындысын алуға тиіс. 

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.  

7. Бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа: 

1) егер осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза алып тасталған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, судьяның; 

2) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның; 

3) атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның; 

4) Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің қатысуына жол берілмейді. 

Осы тармақтың атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның конкурсқа қатысуына жол бермеу туралы талабы: 

1) шалғай жерде орналасқан соттарда судья лауазымына орналасуға ниет білдірген судьяларға; 

2) тұрғылықты жерін ауыстыруды талап ететін ауруының бар екендігі туралы медициналық қорытындысы бар судьяларға; 

3) бұрын соттың қайта ұйымдастырылуына және таратылуына, соттар судьяларының штат санының азайтылуына байланысты судья лауазымына конкурссыз тағайындалған судьяларға қолданылмайды. 

Шалғай жерлерде орналасқан соттардың тізбесін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.  

8. Судьялыққа кандидаттар негізгі жұмыс орнынан қол үзіп, тұрақты негізде сотта ақы төленетін тағылымдамадан өтеді. Бұл ретте судьялыққа кандидаттар Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өтуі мүмкін. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарттары, тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн ережеде айқындалады. 

9. Судья лауазымынан өкілді органдардағы мемлекеттік лауазымға сайланған не тағайындалған адамдарға тағылымдамадан өтпей, конкурстық негізде судьялық лауазымға орналасу құқығы беріледі.  

9-1. Жоғары Сот Кеңесінің құрамына тағайындалған судьяларға Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және отставкаға шыққан кезде ескеріледі. 

10. Судьялық жұмыс өтіліне судьяның осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көрсетілген лауазымдарда жұмыс істеген уақыты қосылады. 

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты өз өкілеттігін тоқтатқан судьяға Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және отставкаға шыққан кезде ескеріледі. 

11. Бос судьялық лауазымдарға кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі өлшемшарттар жүйесін, оның ішінде соттағы, прокуратура органдарындағы, адвокатурадағы жұмысын ескеретін өлшемшарттарды пайдалана отырып, осы Конституциялық заңда және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізеді. 

Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 20.03.2021 № 19-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 82-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Статья 1 ...27 28 29 29‑1 30 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться