Ст. 35 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
35-бап. Судьяның орнынан түсуi
1. Мiнсiз беделi, кемiнде жиырма жыл судьялық жұмыс өтiлi бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына жататынын, жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiн және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерiн сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында судья өкiлеттiктерінің тоқтатылуы отставка болып табылады. Судьяны орнынан түсу нысанында лауазымынан босату судьяның Жоғары Сот Кеңесіне орнынан түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Судьяның орнынан түсу туралы өтінішін қарау тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.
1-1. Қазақстан Республикасының Президенті басқа лауазымдарға тағайындауға байланысты өз өкілеттігін тоқтатқан судьялардың осы бапта белгіленген талаптарға сай келген жағдайда отставкаға және осы бапта көзделген төлемдер мен кепілдіктерге құқығы бар.
2. Отставкаға шыққан кезде судьяға жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы шығу жәрдемақысы төленедi.
2-1. Отставка тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайлардан басқа кезде, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяға судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының елу пайызы мөлшерінде салық салынбайтын өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төленеді.
Жиырма жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін, ал 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан судьяларға – он бес жылдан асатын судьялық жұмыс өтілінің әрбір жылы үшін отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының бір пайызына ұлғайтылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-1-тармақтың үшінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына қатысты 01.01.2025 бастап; кассациялық соттардың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 01.01.2026 бастап; аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Отставкадағы судьяның өмір бойғы ай сайынғы қамтылымының ең жоғары мөлшері судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының алпыс бес пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз тоғыз еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылымның мөлшері көрсетілген қамтылымды төлеуге өтініш берілген күнге қолданыста болатын, судьялар үшін еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес соңғы атқарған лауазымы бойынша есептеледі.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен судьялардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері арттырылған кезде тиісінше өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды қайта есептеу жүргізіледі.
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Отставкадағы судьяның өз жеке зейнетақы шотында қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
2-2. Алып тасталды – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
3. Судьяның отставкасы:
1) ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасаған;
2) саяси партияға кірген;
3) өз тiлегi бойынша;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
5) ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.
Жоғары Сот Кеңесі:
1) егер отставкадағы судья "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен кандидат ретінде тіркелсе;
2) судья лауазымына қайта тағайындалған жағдайда;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген судьяның отставкасын тоқтату негіздері қаралғанға дейін;
4) егер отставкадағы судья "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайланса, судьяның отставкасын тоқтата тұруды жүзеге асырады.
Егер судьяның отставкасын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның отставкасы қалпына келтіріледі.
4. Судья орнынан түсуi тоқтатылған жағдайда жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепiлдiктерден айырылады.
Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігі мен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.
5. Орнынан түсуді тоқтату судьяны орнынан түсуіне байланысты лауазымнан босатудың сол тәртібімен жүзеге асырылады.
6. Отставкадағы және судья лауазымында болудың шекті жасына толмаған судьялар, олардың келісімі болған кезде судьяның уақытша болмауы кезеңінде, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге сот төрелігін іске асыруға тартылуы мүмкін.
7. Орнынан түсуге құқықты растауды және оны тоқтатуды Жоғары Сот Кеңесі жіберген материалдардың негізінде Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия қарайды.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі Жоғары Сот Кеңесіне қарау үшін жіберіледі.
Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.11 № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.17 № 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 № 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.07.2015 № 341-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.03.2017 № 52-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 225-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 109-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей