Ст. 38-1 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
38-1-бап. Сот жюриi
1. Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің жанынан Сот жюриі құрылады. ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың екінші абзацы 01.07.2025 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған уақытта осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII Конституциялық заңымен.
Сот жюриі он үш судьядан – аудандық соттардың төрт судьясынан, облыстық соттардың бес судьясынан және Жоғарғы Соттың төрт судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.
Судьялар Сот жюриінің құрамына осы Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша тағайындалады, ал заңгерлер қауымының өкілдерін ұйымдардың жарғысына сәйкес олардың ұсынымы бойынша Жоғары Сот Кеңесі тағайындайды.
Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриінің құрамына кандидатураларды уәжді шешімімен қабылдамауға құқылы.
Сот жюриінің төрағасын Сот жюриі құрамының өзі өздерінің арасынан сайлайды.
2. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына мыналар негіз болып табылады:
1) судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін судьяға қатысты, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сот төрағасына немесе соттың сот алқасының төрағасына қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы;
2) облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы шешімдері;
3) сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша ұсыну;
4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы, сондай-ақ тексеру қорытындылары бойынша судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісі расталған масс-медиадағы, онлайн-платформалардағы, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарындағы мәліметтер бойынша шешімдері.
3. Сот жюриінің қызметін қамтамасыз етуді Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.
4. Сот жюриiн қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінің материалдарды, тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.
Ескерту. 38-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.11 № 199 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.07.2024 № 109-VIII (01.10.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей