Ст. 44 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақтың бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
1. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) атқаратын лауазымына сай деп тану;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
2) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне алуға ұсыным жасау;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы;
5) кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану;
6) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімі ұсынымдық сипатта болады.
2. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті мерзімді бағалау нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.
3. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отставкаға құқықты растау туралы өтініш бойынша материалды, сондай-ақ отставканы тоқтату туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) отставкаға құқықты растау туралы;
2) отставкаға құқықты растаудан бас тарту туралы;
3) судьяның отставкасын тоқтату туралы;
4) судьяның отставкасын тоқтатудан бас тарту туралы.
Ескертпе!
ҚР Конституциялық Сотының 21.04.2023 № 10 нормативтік қаулысын қараңыз.
4. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.
5. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шығарған шешімнің күшін жояды. Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімінің күшін жоюы Жоғары Сот Кеңесінің не Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы бапта көзделген өзгеше шешім қабылдауына негіз болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 109-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
Жоғары Сот Кеңесінің осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешімді қабылдауы Жоғары Сот Кеңесінің судьяны басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.
Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 226-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 215-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей