Ст. 57 Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 132
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
57-бап. Соттарды қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, жергілікті және басқа соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады. 2. Сот жүйесінің бюджеті соттардың өз конституциялық өкілеттіктерін орындауын толық қамтамасыз етуге тиіс.
Сот жүйесінің шығыстары өткен қаржы жылы үшін республикалық бюджетте белгіленген барлық мемлекеттік органдардың 001-бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстарының жалпы сомасының кемінде алты жарым пайызын құрайды.
3. Республикалық бюджетті нақтылау, республикалық бюджетті түзету немесе секвестр жүргізу нәтижесінде барлық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстардың жалпы сомасы төмендеген жағдайда республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстардың мөлшері азайтуға жатпайды.
4. Республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстар секвестрлеуге жатпайды.
Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті нақтылау, түзету кезінде республикалық бюджетте тиісті жоспарлы кезеңге белгіленген сот жүйесіне арналған шығыстар азайтуға жатпайды.
Сот жүйесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ағымдағы әкімшілік шығыстар лимиті белгіленбейді.
5. Сот жүйесінің бюджетін шығыстардың деңгейлері мен бағыттары бойынша бөлу өзі бекітетін регламентке сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында бекітіледі.
6. Сот жүйесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтінімі республикалық бюджет жобасына өзгерістер жасалмай енгізіледі.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен сот жүйесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік өтініміне Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкестігі мен есеп-қисаптардың дұрыстығына қорытынды дайындайды.
7. Халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
8. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен құрылатын Республикалық бюджет комиссиясының мүшесі болып табылады.
Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Өсімдіктер дүниесі туралы 22-бап. Ботаникалық коллекциялар және өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциялары Телерадио хабарларын тарату туралы 39-бап. Дара спутниктік қабылдау Өсімдіктер дүниесі туралы 24-бап. Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі Өсімдіктер дүниесі туралы 33-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы хабарламаларРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей