Ст. 27 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
27-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу тәртібі
1. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанда ұсынылады.
1-1. Заңды тұлға кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтінішті электрондық құжат нысанында беруге құқылы.
2. Мәлімделген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар:
1) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; қайтаруға міндетті) не нотариат куәландырған көшірмесі;
3) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) кедендік декларациялау жөніндегі мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар не олармен жасалған еңбек шарттары;
6) осы Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;
7) алып тасталды - ҚР 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;;
8) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты өтінішке қоса беріледі.
2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан оларда қамтылған ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті қоса берілетін құжаттармен бірге ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды.
4. Тізілімге енгізу туралы шешім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
5. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген барлық құжаттар табыс етілмеген немесе өтініш беруші осы Кодекстің 26-бабында белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда қабылданады. Өтініш беруші аталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізген немесе енгізуден бас тартқан жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР кеден iсi туралы 25-бап. Кеден өкілі ҚР кеден iсi туралы 24-бап. Кеден органдарының консультация беруі ҚР кеден iсi туралы 29-бап. Кеден өкілінің құқықтары ҚР кеден iсi туралы 72-бап. Кеден органдарының ақпарат алмасуы ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей