Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 329 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
329-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау

1. Кедендік транзит кедендік рәсімі тауарлар жөнелтімінің кеден органы белгілеген жеткізу орнына жеткізгеннен кейін аяқталады. 

2. Кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталғанға дейін тауарларды жеткізу орындарындағы тауарлар кедендік бақылау аймағына орналастырылады. 

Тауарларды кедендік бақылау аймағына орналастыруға тәуліктің кез келген уақытында жол беріледі. 

3. Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін тасымалдаушы жеткізу межеленген кеден органына транзиттік декларацияны, сондай-ақ өзінде бар басқа да құжаттарды: 

автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты олардың тауарларды жеткізу орнына келген кезінен бастап бір сағат ішінде, ал тауарлар кеден органының белгіленген жұмыс уақытынан тыс келген жағдайда осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап екі сағат ішінде; 

су, әуе кемелерін және теміржол көлігін пайдалана отырып тасымалданатын тауарларға қатысты, көлік құралдары тауарлар жеткізілетін жерге әкелінген кезден бастап жеткізу межеленген кеден органының келесі жұмыс күнінің аяқталу уақытынан кешіктірмей табыс етуге міндетті. 

Кеден органының талабы бойынша тасымалдаушы тауарларды көрсетуге міндетті. 

4. Межелі кеден органы тасымалдаушы осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап бір сағат ішінде олардың берілуін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркейді. 

5. Жеткізу межеленген кеден органы кедендік транзит кедендік рәсімін мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ құжаттарды тіркегеннен кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей транзиттік декларацияда немесе транзиттік декларация ретінде танылатын өзге де құжаттарда кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау туралы белгі қою жолымен аяқтайды. 

Кеден органдарының кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтауды ресімдеу тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады. 

6. Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтағаннан кейін үш сағат ішінде тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті. 

Теміржол немесе су көлігімен тасымалданатын тауарлардың кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталғаннан кейін тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға тағайындалған кеден органының келесі жұмыс күнінің аяқталу уақытынан кешіктірмей тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға немесе оларды кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасауға міндетті. 

Тауарларды уақытша сақтауға орналастырғанға немесе оларды кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялағанға дейін тауарлар кедендік бақылау аймағында болуға тиіс. 

Осы тармақтың ережелері Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты кету орнында кедендік рәсімді аяқтау кезінде қолданылмайды. 

Ескерту. 329-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...327 328 329 330 331 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.


госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,

татешка, кум, кума и т.д.т.п.


Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.


в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться