Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 331 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
331-бап. Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Декларанттың кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген кезінен бастап туындайды. 

2. Декларанттың кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті: 

1) осы рәсім қолданылған уақытта кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындаған жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 329-бабының 6-тармағына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталған кезде; 

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады. 

3. Шетелдік тауарлар кеден органы белгіленген жеткізу орнына жеткізілмеген жағдайда, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі: 

1) егер шетелдік тауарлардың жеткізілмеуі тасымалдаушының тауарларды кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге де тұлғаға беру себебінен болса, – осылай беру күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні; 

2) егер шетелдік тауарлардың жеткізілмеуі авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан не тасудың (тасымалдаудың) және сақтаудың қалыпты жағдайы кезіндегі табиғи кему нәтижесінде жойылуды (біржола жоғалуды) қоспағанда, тауарларды жоғалту себебінен болса, – осылай жоғалту күні, ал егер бұл күн анықталмаса, – кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні; 

3) егер шетелдік тауарлардың жеткізілмеуі өзге де себептерден болса, – кеден органының транзиттік декларацияны тіркеген күні болып есептеледі. 

4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырған кезде төленуге жататын, кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күнге есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомаларына сәйкес келетін мөлшерде төленуге жатады. 

5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес төленген немесе өндіріп алынған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттер осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар осы Кодекске сәйкес белгіленген тәртіппен қайтарылуға (есепке жатқызылуға) жатады. 

6. Егер осы Кодекстің 143-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді кедендік транзит кедендік рәсімінің декларанты емес, өзге тұлға берген болса, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет декларантпен ортақ осындай тұлғада туындайды.

Статья 1 ...329 330 331 332 333 ...477

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться