Ст. 364 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
364-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы
1. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу өнімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері импорт немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы аяқталады. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы тауарларды қайта өңдеу мерзімі өткенге дейін қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырамаған тауарларды осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда кері импорт немесе экспорт кедендік рәсімдерімен орналастыру арқылы аяқталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдері Қазақстан Республикасының аумағына міндетті түрде қайтарылуға жатса, кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімі экспорттың кедендік рәсімімен аяқтала алмайды.
2. Қайта өңдеу өнімдері кері импорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдері арқылы бір немесе бірнеше партиялармен (жөнелтімдермен) орналастырылуы мүмкін.
3. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар, олар кейін коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз күйге қайта өңделетін жағдайларды қоспағанда, өзге де кедендік рәсіммен орналастырылуға жатады. Бұл ретте тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлар қалдықтар деп түсініледі.
4. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік ысыраптар өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатпайды. Бұл ретте қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған және (немесе) біржола жоғалатын өндірістік ысыраптар өндірістік ысыраптар деп түсініледі.
5. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде пайда болған тауарлардың қалдықтары шығу нормаларына сәйкес өзге кедендік рәсіммен орналастыруға жатады. Бұл ретте тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау кезінде пайдаланылмаған тауарлар тауарлардың қалдықтары деп түсініледі.
6. Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастырушы тұлға бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп беруге міндетті.
Есептің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 364-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Экологический кодекс РК Статья 360. Программа управления отходами горнодобывающей промышленности Экологический кодекс РК Статья 352. Твердые и шламообразные промышленные отходы, размещение которых запрещается на полигонах, предназначенных для размещения твердых бытовых отходов Налоговый Кодекс РК Статья 431. Уменьшение дохода в виде единовременных пенсионных выплат, пенсионных выплат, подлежащего налогообложению у источника выплаты Экологический кодекс РК Статья 41. Лимиты накопления отходов, лимиты захоронения отходов ҚР кеден iсi туралы 381-бап. Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің мазмұныРекомендованные страницы
ҚР кеден iсi туралы 367-бап. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері Пользователь Alexandr ҚР кеден iсi туралы 87-бап. Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді өзгерту немесе оның қолданылуын тоқтату ҚР кеден iсi туралы 27-бап. Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу тәртібі ҚР кеден iсi туралы 396-бап. Кері импорт кедендік рәсімінің мазмұныРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей