Ст. 372 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
372-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі
1. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін бір жылдан асыруға болмайды. Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партиямен) кедендік декларациялау кезінде – осы кедендік рәсімге тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады.
Комиссияның шешімімен тауарлардың жекелеген санаттары үшін тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің неғұрлым ұзақ мерзімі айқындалуы мүмкін.
2. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу мерзімі:
1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын;
2) қайта өңдеу өнімдерін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды.
3. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін.
4. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін бір жыл шегінде ұзарту туралы мәселені шешу үшін декларант бақылауды жүзеге асырушы кеден органына қайта өңдеу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей, қайта өңдеу мерзімін ұзартудың орындылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осындай ұзартудың қажеттігі туралы жазбаша өтініш береді.
Декларанттың тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өтінішін кеден органы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Көрсетілген кезеңге қайта өңдеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Кеден органы қайта өңдеудің мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, көрсетілген мерзім осындай шешімді қабылдаған күнге қарамастан алдыңғы мерзім аяқталған күннен бастап ұзартылады.
Осы тарауда көзделген шарттар мен шектеулерді декларант сақтамаған жағдайда, тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзартудан бас тартылуы мүмкін.
Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы не мұндай ұзартудан бас тарту туралы кеден органының шешімі декларанттың назарына жазбаша түрде жеткізіледі.
Бұл ретте тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімін ұзарту кезінде кеден органындағы кедендік декларация данасының бірінші парағының келесі жағында мерзімді ұзарту туралы белгі және күні қойылады. Көрсетілген белгі кеден органының лауазымды адамының қолымен, жеке нөмірлік мөрімен расталады.
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар қайта өңдеу мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда өзге кедендік рәсімге орналастырылуға жатады, ал қайта өңдеу өнімдері – кеден органы осындай бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылуға жатады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ГлавнаяРекомендованные страницы
ҚР кеден iсi туралы 272-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру ҚР кеден iсi туралы 368-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны ҚР кеден iсi туралы 446-бап. Осы тараудың қолданылу аясы Гулжанат Манабаева ҚР кеден iсi туралы 350-бап. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей