Ст. 62 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV
Действующий аналог
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫҚР кеден iсi туралы
62-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары
1. Мыналар уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу шарттары болып табылады:
1) осы тармақшаның екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің болуы.
Тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Комиссияның шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады;
2) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде он декларациясы болған кезде, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу үшін кеден органына өтініш жасаған күнге дейін үш жыл бойы сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;
3) кеден органына өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің болмауы;
4) кеден органына өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектің (бересінің) болмауы;
5) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығы фактілерінің болмауы;
6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушіде бір жыл ішінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 534, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптары бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулының болмауы;
7) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына табыс етілген мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін, тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы;
8) өтініш беру күніне дейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрын жасалған және заңды тұлғаның көрсетілген есепті жасау күніндегі валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың еуроны құрайтын меншікті капиталы туралы ақпаратты қамтитын аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы. Бұл ретте аудиторлық есеп оны жасау күнінің алдындағы күнтізбелік отыз алты ай кезеңіне жасалуы тиіс;
9) тиісті құжаттармен расталатын, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын, меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не өзге заңды негіздегі үй-жайлардың, ашық алаңдардың және өзге аумақтардың болуы;
10) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
2. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілгеннен кейін бір жыл өткен соң уәкілетті экономикалық оператор мынадай шарттарды сақтаған кезде:
1) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде жиырма декларациясы болған кезде, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге дейін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған;
2) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі болмаған;
3) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешегі (бересі) болмаған;
4) уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуы осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған негіздер болмаған;
5) қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш берілген айға дейін күнтізбелік он екі ай ішіндегі кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын меншікті капиталы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есеп және (немесе) аудиторлық есептер болған кезде қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 432-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
при расчете задолженности по алиментам судебный исполнитель при исчислении задолженности по алиментам берет для расчетов среднюю заработную плату не по Казахстану, а по г. Алматы, которая гораздо выше чем по Казахстану в общем ( должник живет и жил в г.Алматы), сделал расчет задолженности за два предыдущих года. законно ли это ? 1-е - период - 2 года . и 2-е средняя зарплата по Алматы без учета профессии - в данном случае это водитель, а не работник банковской системы. Заранее благодарю за ответ.
Мен көпбалалы анамын, күміс алка иегерымін,3 балам мектеп жасында 18 ге толған жок ал 1балам студент ауылы,күндізгі бөлімде окиды мен Салык жеңілдігіне кіремінбе?
ДД. 270.00 форму предоставляют физические лица, если применяют предварительный вычет у налогового агента (работодателя) по заявлению или можно вычеты применить самостоятельно путем предоставления формы 270.00. Два варианта применения предварительного вычета. Если предварительный вычет применяется по заявлению у налогового агента (работодателя), то в заявлении вы подтверждаете, что сдадите форму 270.00.
салеметсизбе статья 436 Деген нени билдиреди
Здравствуйте,получившее жилье от государства семья воспитывающая ребенка на инвалидности,на каких условиях сможет безвозмездно приватизировать жилье ребенок 2 группа ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей