Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 112 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
112-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару)

1. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгеніне жол берілген: 

1) төлем құжатында: 

төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген: 

кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы төленуге жататын орналасқан жері бойынша кеден органының сәйкестендіру нөмірінің орнына басқа кеден органының сәйкестендіру нөмірі көрсетілген; 

төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) бюджеттік сыныптаманың кодына сәйкес келмеген; 

2) екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушінің төлем құжатын қате орындаған; 

3) төлеуші – ақша жөнелтуші кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын; 

4) төлеуші кедендік баждың, кедендік алымның, салықтың түрін дұрыс таңдамаған; 

5) төлеуші өсімпұлды төлеу кезінде кедендік баж, кедендік алым, салық түрін дұрыс таңдамаған; 

6) кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуге байланысты өзге де қателерге жол берілген кездегі сома кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасы болып табылады. 

2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару): 

1) төлеушінің өтініші; 

2) екінші деңгейдегі банктің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – банктің өтініші); 

3) қате кету фактісі анықталған жағдайда, кеден органы жасаған кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі. 

3. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару): 

төлеушінің өтініші, банктің өтініші тіркелген; 

кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате сомасы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

4. Төлеушінің өтініші, банктің өтініші кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке алу жүргізілетін кеден органына ұсынылады. 

5. Кеден органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бірінің бар екенін растаған жағдайда, осындай кеден органы: 

1) қате төленген соманы бюджеттік сыныптаманың тиісті кодына және (немесе) тиісті кеден органына есепке жатқызуды жүргізеді; 

2) төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді. 

6. Екінші деңгейдегі банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ол сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын қайтадан аударуға алып келген төлеушінің төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, кеден органы банктің өтініші бойынша қате болу фактісі расталған кезде қате төленген соманы:  

ақшаны банктік шоттан есептен шығарған немесе төлемді банкоматтар арқылы жүзеге асырған жағдайда – төлеушінің банктік шотына; 

ақшаны екінші деңгейдегі банкке қолма-қол енгізген немесе төлемді өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүзеге асырған жағдайда, екінші деңгейдегі банктің банктік шотына қайтаруды жүзеге асырады. 

7. Кеден органы кедендік әкелу бажының қате төленген сомасын есепке жатқызуды Одақ туралы шарттың ережелерін ескере отырып жүргізеді. 

8. Кеден органы осы баптың 1-тармағында көрсетілген қателердің бар екенін растамаған кезде, осындай кеден органы осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлеушіге қателердің расталмағаны туралы жазбаша хабар жібереді. 

Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...110 111 112 113 114 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться