Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 147 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.02.2026

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
147-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі

1. Дүлей зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қажетті тауарларға, бейбітшілікті қолдау жөніндегі акцияларды орындау үшін не оқу-жаттығуларды өткізу үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімге, тез бұзылуға ұшырайтын тауарларға қатысты, сондай-ақ жануарларға, радиоактивті материалдарға, жарылғыш заттарға, халықаралық пошта жөнелтілімдеріне, экспресс-жүктерге, халықаралық көрме іс-шараларында көрсетуге арналған тауарларға, гуманитарлық және техникалық көмекке, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарламалар мен материалдарға, халықаралық тасымалдау көлік құралдарын жөндеу және (немесе) қауіпсіз пайдаланатындай етіп ұстау үшін қажетті қосалқы бөлшектерге, қозғалтқыштарға, шығыс материалдарына, жабдықтарға, құрал-саймандарға, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына, шетел валютасына, өзге валюталық құндылықтарға, қымбат бағалы металдарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары әкелетін алтынға және басқа да осыған ұқсас тауарларға қатысты кедендік операциялар бірінші кезектегі тәртіппен жасалады. 

2. Комиссия кедендік операциялар бірінші кезектегі тәртіппен жасалатын өзге де тауарларды айқындауға құқылы. 

3. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін – Комиссия, ал оны Комиссия айқындағанға дейін мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайды. 

4. Осы бапта көзделген тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...145 146 147 148 149 ...571

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Менің бірге жұмыс жасайтын напарницаи еңбек демалысына шықты,маған жалғыз жұмыс жасағаным үшін ақы төленеме?


Сәлеметсізбе,менің ерекше қызым бар,жасы 7де,жолдасыммен ажырасқанмын,Қалалық емханада фармацевт болып жұмыс жасаймын,қызымды күнделікті ақылы оңал у орталығына жұмыстан кейін кешкі уақытта апарамын,8 сағаттық жұмысымды қырқартып алуыма болама


Как быть когда сверху над головой бегает ребенок(сегодня с8.22) и целый день до позднего вечера, и это каждый день. Буквально каждый день


Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?


Салеметсізбе .Мен Калкешова Асель ерекше баланың анасымын.Баламда Дцп.Мен медсесра болып жұмыс істеймін .Жолдасым екеуіміз ауысып отырып жұмыс істеп отырмыз.Сменамыз бір болып қалды енді осы жерді ауыстырып беріңіз десем,ауыстырмаған .Мені қорғайтын заң барма.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться