Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 156 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
156-бап. Келу орнында жүзеге асырылатын тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен жасалатынөзге де жүк операциялары, сондай-ақ халықаралық тасымалдау көлік құралдарын ауыстыру

1. Тауарларды келу орнында түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін. 

2. Тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру – кеден органының жұмыс уақытында және кеден органының мүдделі тұлғаның сұрау салуы бойынша берілетін рұқсатымен арнайы осы мақсаттарға арналған орындарда, ал егер тауарлар мен көлік құралдарына қатысты мұндай операциялар салынған кедендік пломбалар мен мөрлерді бұзбай жасалуы мүмкін болған не егер тауарларға кедендік пломбалар мен мөрлер салынбаған жағдайда не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған жағдайларда кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда хабардар еткеннен кейін жүзеге асырылады. 

3. Келу орнында авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар туындаған кезде тауарларды түсіру, қайта тиеу (ауыстырып тиеу) және тауарлармен жасалатын өзге де жүк операциялары, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеткізген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын басқа көлік құралдарымен ауыстыру, егер мұндай операцияларды жасамау тауарлардың қайтарымсыз жоғалуына және (немесе) жойылуына алып келуі мүмкін болса, кеден органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген рұқсатынсыз немесе оған хабарламай жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда осындай операцияларды жасаған тұлға кеден органына олардың жасалғаны туралы осындай операциялар жасалған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей хабарлайды.
Статья 1 ...154 155 156 157 158 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Қайда шағымданасыз?

1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде

Негіз: 319-бап.

2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым

Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).

Жаза қолданатын орган — МКБ.

3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)

Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.

Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться