Ст. 207 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
207-бап. Кедендік рәсімдерді қолдану
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар және осы Кодексте белгіленген жағдайларда өзге де тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу және пайдалану, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болу және пайдалану үшін, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады. 2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың болуы және пайдаланылуы, олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болуы және пайдаланылуы мақсатына байланысты тауарларға қатысты мынадай кедендік рәсімдер қолданылады:
1) ішкі тұтыну үшін шығару;
2) экспорт;
3) кедендік транзит;
4) кеден қоймасы;
5) кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу;
7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу;
8) еркін кеден аймағы;
9) еркін қойма;
10) уақытша әкелу (рұқсат беру);
11) уақытша әкету;
12) кері импорт;
13) кері экспорт;
14) бажсыз сауда;
15) жою;
16) мемлекет пайдасына бас тарту;
17) арнайы кедендік рәсім.
3. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар өзге де кедендік рәсімдермен не осындай кедендік рәсіммен:
1) тауарлар орналастырылған кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін;
2) тауарлар орналастырылған кедендік рәсімнің қолданысын тоқтата тұру үшін;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасу) үшін және (немесе) осы Кодекске сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы және (немесе) теңізбен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне тасымалдау үшін орналастырылуы мүмкін.
4. Кедендік рәсімдердің мазмұны және тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру шарттарын, тауарларды осындай кедендік рәсімдермен орналастырғаннан кейін оларды кедендік рәсімдерге сәйкес пайдалану шарттары мен тәртібін, кедендік рәсімдердің қолданысын аяқтау, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттердің туындау және тоқтатылу мән-жайларын, кедендік рәсімдермен орналастырылатын (орналастырылған) тауарларға не кедендік рәсімдерді қолдану шеңберінде алынған (қалыптасқан), дайындалған (алынған) тауарларға қатысты оларды есептеу мен төлеу мерзімін және (немесе) ерекшеліктерін қоса алғанда, кедендік рәсімдерді қолдану тәртібін реттейтін ережелер – осы бөлімнің тиісті тарауларында, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Комиссия айқындайды, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасында айқындалады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей