Ст. 275 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
275-бап. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар және өндірістік ысыраптар
1. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен олар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған не мұндай қалдықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көмуге, залалсыздандыруға, кәдеге жаратуға немесе өзге де тәсілмен жоюға жататын жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастыруға жатады. 2. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтар декларант таңдаған кедендік рәсіммен орналастырылған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына осы күйінде әкелінген деп қаралады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын қалдықтар одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған күнінен бастап не пайда болған қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою фактісін не осындай операцияларды жасау үшін оларды беру фактісін растайтын құжаттарды кеден органына ұсынған күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады және кедендік бақылауда болмайтын деп есептеледі.
Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау нәтижесінде қайтарымсыз жоғалған және кеден органдары өндірістік ысыраптар деп таныған шетелдік тауарлар ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей