Ст. 284 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
284-бап. Порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыру ерекшеліктері
1. Осы баптың 3-тармағына сәйкес еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылуға жатпайтын тауарларды қоспағанда, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауарлар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген күнінен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған деп есептеледі. 2. Осы баптың 1-тармағының ережелері порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген халықаралық пошта жөнелтілімдері мен халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты қолданылмайды. Мұндай халықаралық пошта жөнелтілімдері мен халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялар порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағында орналасқан халықаралық пошталық алмасу орнында (мекемесінде) осы Кодекске сәйкес жасалады.
3. Мыналар еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайды:
1) осы көлік құралдарының тауарларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін халықаралық тасымалдау көлік құралдары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдауды осы аумақтан кетпей жүзеге асыратын, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан әкетілетін көлік құралдары;
2) теңіз порты, өзен порты, әуежай әкімшілігі, сондай-ақ АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) болып табылмайтын және теңіз портында, өзен портында, әуежайда кеме қатынасының қауіпсіздігін, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін, теңіз портының, өзен портының, әуежайдың инфрақұрылым объектілерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды не теңіз портында, өзен портында, әуежайда қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар порттық АЭА аумағына әкелетін немесе порттық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкететін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары;
3) осы АЭА-лардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА әкімшілігі порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелетін немесе порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне әкететін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары;
4) порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және осындай әкелуге дейін оның шегінен тыс жерде кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен, уақытша әкету кедендік рәсімімен, кері экспорт кедендік рәсімімен, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар;
5) теміржол табанының енін өзгертудің технологиялық қажеттілігіне байланысты, тауарларды теміржол көлігімен тасымалдаған жағдайларда, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінетін және осындай әкелуге дейін оның шегінен тыс жерде экспорт кедендік рәсімімен немесе кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;
6) балық кәсіпшілігі флотының кемелерімен ауланған су биологиялық ресурстарын, балықты және (немесе) көрсетілген кемелерде су биологиялық ресурстарынан өндірілген өзге де өнімді түсіруді жүзеге асыруға байланысты және (немесе) осындай кемелердің бортына керек-жарақтар болып табылатын тауарларды тиеу мақсатында порттық АЭА аумағына әкелінетін және порттық АЭА аумағынан әкетілетін балық кәсіпшілігі флотының кемелері;
7) осы тармақтың 1) және 6) тармақшаларында көрсетілген көлік құралдарымен өткізілетін керек-жарақтар.
4. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, порттық АЭА немесе логистикалық АЭА аумағына әкелінген тауарлар кедендік декларациялауға жатпайды.
Порттық АЭА аумағында орналасқан теңіз портының, өзен портының, әуежайдың инфрақұрылым объектілерін немесе логистикалық АЭА-ның инфрақұрылым объектілерін салу, реконструкциялау мақсатында АЭА резиденттері (қатысушылары, субъектілері) әкелген тауарлар кедендік декларациялауға жатады.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей