Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
33-бап. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін және кеден органы шығарғанға дейін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету – осы тарауда, осы Кодекстің 15 және 17-тарауларында белгіленген тәртіппен және шарттарда, ал жекелеген тауар санаттарына қатысты осы Кодекстің 39, 40, 41, 42, 43, 44 және 45-тарауларына сәйкес белгіленген тәртіппен және шарттарда да жүзеге асырылады. 

Декларанттың таңдауы бойынша тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лизинг, қаржы лизингі, жалдау туралы шарттар мен өзге де мәміле түрлері негізінде жол беріледі. 

2. Тауарларды кеден органы шығарғаннан кейін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету тауарлар орналастырылған кедендік рәсімге сәйкес немесе кедендік рәсімдермен орналастырылмай кедендік декларациялауға және (немесе) шығаруға жататын жекелеген тауар санаттары үшін белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады. 

3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды кету орнына келгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткенге дейін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету – осы тарауда, осы Кодекстің 16-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттарда, ал жекелеген тауар санаттарына қатысты сондай-ақ осы Кодекстің 39, 40, 41, 42, 43, 44 және 45-тарауларына сәйкес белгіленген тәртіппен және шарттарда да жүзеге асырылады.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...571

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться