Ст. 331 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
331-бап. Жою кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері
1. Жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою осы тауарларды іс жүзінде жою үшін қажетті уақыт, оларды жою тәсілі мен орны негізге алына отырып, сондай-ақ мұндай мерзімдер болған кезде тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою мүмкіндігі туралы мәселе құзыретіне кіретін уәкілетті органдардың қорытындысында көрсетілген мерзімдер есепке алына отырып, кеден органы белгілеген мерзімдерде жүргізіледі. 2. Тауарларды жою жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты есебінен жүргізіледі.
3. Жою тауардың жою кедендік рәсімімен орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдерінен кеден органы құратын комиссияның көзінше және декларанттың қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жою кедендік рәсімімен тауардың орналастырылуын бақылауды жүзеге асыратын кеден органы өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын және тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
Жою:
1) нәтижесінде тауарлар толығымен жойылатын термиялық, химиялық, механикалық не өзге де әсер ету (өртеу, бұзу, көму және басқа) жолымен жүргізіледі. Тауарларды жою тәсілі оларды қалпына келтіру, мақсаты бойынша пайдалану үшін бастапқы күйіне келтіру мүмкіндігін болғызбауды қамтамасыз етуге тиіс;
2) мұндай зақымдаулар тауарларды кейіннен қалпына келтіруді және оларды пайдалану мүмкіндігін болғызбайтындай етіп тесіп тастауды, жарықтар салуды, өзге де тәсілдермен зақымдауды қоса алғанда, бөлшектеу, бұзу, механикалық зақымдау жолымен жүргізіледі.
Сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін, технологиялық себептерге байланысты сақталу орындарынан алынуы және пайдаланылуы мүмкін болмайтын тауарларға қатысты жою комиссияның тауарларды сақталу орындарынан алудың және оларды одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігі туралы актісі негізінде жүргізілген болып есептеледі.
4. Тауарлар іс жүзінде жойылғаннан кейін мынадай негізгі мәліметтер:
тауарларды жою күні мен орны;
жою кедендік рәсімін мәлімдеген тұлға туралы мәліметтер;
жою кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
жойылатын тауарлардың атаулары, олардың өлшем бірлігіндегі саны;
тауарларды жою тәсілі;
жойылғаннан кейінгі қалдықтардың болуы және саны, оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігі;
уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес өзге де мәліметтер қамтылатын, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жою актісі жасалады.
5. Жою актісі комиссияның барлық мүшелерінің және қатысқан адамдардың қолымен расталады, үш данада ресімделеді: бірінші данасы кеден органында сақталады; екінші данасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне беріледі; үшінші данасы декларантта қалады.
6. Тауарларды жою фактісі фото және (немесе) бейнетүсірілімдер қолданыла отырып тіркеледі, оның нәтижелері кеден органында сақталатын жою актісіне қоса тіркеледі.
Ескерту. 331-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 172-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 91-бап. Кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 477-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 67-бап. Консервациялауды тоқтату Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы 14-бап. Экстремизмдi қаржыландыруға жол бермеуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей